«Тараз» «Шахтердың» тас-талқанын шығарды

0 33

«Тараз» қарағандылық «Шахтер» командасын өз алаңында 4:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Кездесуде нигериялық қорғаушы Фаит Обилор дубль авторы атанса, португалиялық легионер Педро Эуженио мен сербилық Ненад Адамович бір-бір голдан салды. Осылайша 8 ұпаймен «Тараз» турнир кестесінде жеке дара көш бастады.

Енді жерлестеріміз 14 сәуір күні «Тұран» командасына қонаққа барады. Биыл жоғарғы лигада тұңғыш рет ойнап отырған құраманы да қалпақпен қағып алу қиынға соқпас.

Жарайсыңдар, жігіттер! Жеңісті жорықтарың жалғаса берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.