Жамбыл адалдық алаңы

«Тараз-Су» кәсіпорнында сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

Written by Aray2005

Тараз қаласындағы «Тараз-Су» кәсіпорнында «тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету орталығы» ашылды.

Орталықтың ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Р. Төлебаев қатысып, орталықтың тиімділіктеріне тоқталды.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған орталық тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, оларға сервистік қызмет көрсету деңгейін әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді көздейді. Оның іске қосылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мұрындық болған.

ПІКІР