Таразда 10 көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті

0 27

Тараз қаласының аумағындағы дауылды желдің салдарынан төмендегідей шығындар орын алды:
Қала бойынша 10 көпқабатты тұрғын үйдің 1405 шаршы метр шатыры (Жамбыл даңғылы №123-120 ш/м, Абай даңғылы №130-70 ш/м, Абай даңғылы 170-40 ш/м, Қазыбек би көшесі №49-30 ш/м, Қазыбек би көшесі 120-20 ш/м, 15-ші мөлтек ауданында №16 үй-1080 ш/м, Көшеней көшесі №78 – 10 ш/м, Сәтпаев көшесі №12-10 ш/м,15 10 ш/м, 1б-15 ш/м) зақымдалды. Шатырларды қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер тарапынан жедел іске асырылатын болады. Сондай-ақ, 15 мөлтек ауданы №14 үйдің 20 шаршы метр балконы және 3 метр газ құбырына залал келтірілді.
Қала көшелерінде (Байзақ батыр, Асқаров, Герцен) 3 электр бағанасы құлады, бағаналарды «Тараз Жарық» ЖШС-ның 3 бригадасы қалпына келтірді.
4 көшеде (Байзақ батыр, Асқаров, А.Пушкин, Әл-Фараби) 6 жерден электр желілері үзіліп, «Тараз қалалық электр жүйелері» мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, электр жарығының өшуіне байланысты, диспетчерлік қызметке 5 өтініш түсіп, бұл жұмыстар жедел бригадалар тарапынан іске қосылды.
Қала көшелерінде 40-қа жуық талдар құлады, оларды кесіп тазалау жұмыстарына «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан 4 бригада және 13 техника (4 вышка, 1 погрузчик, 3 МТЗ-80 тракторы, 5 Камаз самосвал) тартылды. Қазіргі таңда құлаған 20 ағаш кесіліп, шығарылды.
Қала көшелеріндегі 20 бағдаршам істен шықты. Оны қалпына келтіру жұмыстарына «СМЭУ-Автотранссигнал-2» ЖШС тарапынан 4 бригада жұмылдырылып, жұмыстар атқарылуда.
Қалада 2 аялдама (Сүлейменов көшесінің бойы, «Победа» тұрғын алқабы) құлады, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қала бойынша 42 билборд, 5 пилонның баннері, Тұңғыш Президент саябағындағы Ту жыртылған. Бұл баннерлерді алып тастау жұмыстарымен жарнама агенттіктері айналысуда.
Бүгінгі күнге қаладағы жылу беруші және тасымалдаушы коммуналдық кәсіпорындарға өтініш түспеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.