"Заң және біз"

Таразда биіктен секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Written by Aray2005

Тараз қаласының Полиция басқармасына Қ. Тұрысов көшесіндегі құрылысы аяқталмаған ғимараттан белгісіз қыздың секіріп, өзіне қол жұмсауға бекінгені туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған оқиға орнына Тараз қаласының Полиция басқармасы Жол-патрульдік полиция батальоны және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шұғыл жетіп, ғимараттан секірмекші болған қызды құтқарып алды.

Азаматша берген түсініктемесінде үнемі жолы болмай жүргендігін, сонымен қатар, не іс бастаса да жүзеге аспағандығын және болашағы жоқ екенін айтқан.

Азаматшадан сұрау алынғаннан кейін ата-анасымен үйіне жіберілді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Баспасөз қызметі

ПІКІР