Таразда «BIZ BIRGEMIZ» монументі ашылды

0 6

Мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде. Солай болуы керек. Қазіргі таңда ол жұмыстарды жалғастырамыз. Медицина мамандарына қолдау көрсетілуі, олардың көмек алуы қажет. Әсіресе дәрігерлер өзінің денсаулығына қауіп төніп тұрса да науқастардың қасында болып, басын бәйгеге тікті. Өкінішке қарай қаншама білікті дәрігерден айырылып қалдық. Індеттің беті қайтатын түрі жоқ. Сәл саябырсығанымен, екінші толқын басталуда. Өңірімізде де науқастар саны көбейіп жатыр. Осындай сәтте бірлігімізді көрсетуіміз керек. Тек өз басымызды ойлауға болмайды. Індеттің алдын алу мақсатында жанкештілікпен еңбек етіп жатқандарға облыс әкімі ретінде алғысымды айтамын.
Бұл монументтің келешекте қала тұрғындары мен қонақтары демалатын орынға айналады деген үміттемін, – дей келе Б.Сапарбаев аталған монументтің құрылысын жүргізген «Темірқазық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғыс білдірді.
Сонымен қатар нысанның ашылу салтанатында облыстық мамандандырылған фтизиопульмонологиялық балалар санаторийінің бас дәрігері Айман Ахрапқызы, облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Манас Ақбалтаұлы, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек сөз сөйледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.