Таразда қамыс арасынан ер адамның мәйіті табылды

0 17

2021 жылғы 9 ақпанда сағат 11:50 шамасында Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан облыс орталығындағы Қарасу (5) және Жансая (11) мөлтек аудандарында орналасқан арықтың жағалауынан қайтыс болған адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен арық ішіне қарау жүргізіліп, мәйіттің қалдықтары анықталды.
Сонымен қатар хабар берген қала тұрғынынан жауап алу барысында оның «Жасыл ел-Тараз» мекемесінде жұмыс атқаратыны анықталып, арыққа тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полиция қызметкерлерін шақырғанын айтқан.
Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының Полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Ескерту: Бейнежазбаны жүрегі нашар адамдар, аяғы ауыр әйелдер мен балалардың көрмеуін сұранамыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.