Жамбыл жаңалықтары

Таразда каналдарды тазалау мақсатында сенбіліктер өтеді

Written by Aray2005

19 мен 26 қаңтар аралығында Тараз қаласының аумағынан ағып өтетін каналдарды тазалау мақсатында сенбіліктер өткізіледі. Аталған жұмыстар көктемгі су тасқындарын алдын алу үшін жүргізілгелі отыр. Бұл туралы Тараз қаласының әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті қала тұрғындары! 19 және 26 қаңтар күндері көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға жол бермеу және алдын алу мақсатында, қала аумағындағы канал арналарын тазалау бойынша тазалық күндері өткізіледі. Қала тұрғындарын аталған сенбілікке атсалысуға шақырамыз!
Тазаланатын каналдар: Қапал, Қарасу 1, Қарасу 2, Сеңкібай, Үшбұлақ арналары

Бекітілген мекемелер: «Тараз — ирригация» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы, «Жасыл Ел — Тараз» ЖШС, «Таразэнергоорталық» АҚ, «Тараз қалалық электр жүйелері» АҚ, «Таразтрансэнрго» МКК, «Теміржол жылу»МКК, «Тараз су» МКК, Облыс әкімдігінің басқармалары және Қала әкімдігінің бөлімдері» – делінген хабарламада.

ПІКІР