Жамбыл жаңалықтары

Таразда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Written by Aray2005

Бүгін 19.30-да Тараз қаласы, «Қарасу 5» мөлтек ауданы 18 үйдің шатырында өрт шығып, қазіргі таңда толығымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19.34-те қоңырау түсіп, 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмылдырылды.
Қазіргі таңда 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і балалар. Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, толық бақылауға алынды.
Жергілікті атқарушы органдардың дереу әрекет ету жұмыстарының нәтижесінеде өрт шыққан үйдің тұрғындары жақын маңдағы екі мектепке көшірілуде. Тұрғындар ыстық тамақпен қамтылатын болады.
Аталған оқиғаға байланысты жедел штаб тобы құрылып, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

ПІКІР