Жамбыл жаңалықтары

Таразда коронавирусты инфекцияның бес жаңа жағдайы тіркелді

Written by Aray2005

2 маусым күні Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның бес жаңа жағдайы тіркелді.

Барлық жағдайлар Тараз қаласының тұрғындарынан анықталды. Атап айтқанда, облыс орталығының 1951 және 1971 жылы туған тұрғындары жоспарлы емдеуге жатқызу алдында, 1964 және 1956 жылдары туған тағы екі тұрғыны ЖРВИ белгілері бойынша тексеруден өтті. Бір жағдай бұрын ауырған науқастармен байланыста болған тұлғалар арасынан анықталған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 2 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 398 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 227, Байзақ ауданында — 36, Жамбыл ауданында — 12, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында — 48, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында — 7, Мойынқұм ауданында — 1, Талас ауданында – 13, Шу ауданында — 13.

Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлердің арасынан 26 оқиға анықталды.

Ауырғандардың ішінде 204 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

ПІКІР