Таразда құрылыста жүрген 32 өзбек өз еліне қайтарылды

0 9

Тараз қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы аясында Шалғай Қарасу иінінде  заңсыз жұмыс істеп жатқан 32 Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Олар әртүрлі ғимарат құрылысын жүргізумен айналысқан.   

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен Өзбекстан азаматтары Қазақстан шегарасынан  шығарылды.

– Жедел-алдын алу іс – шараларының мақсаты-заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау, шекараны заңсыз кесіп өту және шетелдік күштерді пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу деректерін, оларды ұйымдастырушыларды анықтау, – дейді Тараз қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Совет Кенжебаев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.