Жамбыл жаңалықтары

Таразда пәтер тонаумен айналысып келген қылмыстық топ қолға түсті (ВИДЕО)

Written by Aray2005

Тараз қалалық Полиция басқармасы қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында бұлтартпас айғақтарымен пәтер ұрыларын қолға түсірді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үш адамнан құралған қылмыстық топ Тараз қаласының аумағында әрекет етіп келген. Олар арам пиғылдарын үй құлыптарына кілттерді таңдау арқылы жүзеге асырып отырған. Ұсталған азаматтар 22 мен 30 жас аралығындағы облыс орталығының тұрғындары екені анықталды. Оның екеуі бұрындары істі болған.

Жеке тексеру мен «ВАЗ 2109» көлігін тінту барысында олардың 1 мен 17 қаңтар аралығында орын алған ұрлықтарға қатысы барын дәлелдейтін қара түсті қолғап, жасанды кілттер мен заттай айғақтар табылып, тәркіленген. Атап айтқанда, сағаттар, банк карточкалары, күміс бұйымдар, «Sonу XP» маркалы теледидары мен «Apple» ноутбугі табылған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденіп отыр. Олар келтірген залалдың жалпы көлемі 3 миллион теңгедан асқан.

Аталған жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Тараз қалалық ПБ ҚПБ қызметкерлері, сондай-ақ, қылмыскерлер мінген көліктің нөмірі жалған екенін анықтаған. Ұрылар қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар, қосымша жүргізіліп жатқан жедел іздестіру және тергеу жұмыстары барысында олардың осы секілді бірнеше қылмысқа қатысы бары да анықталып отыр.

В ТАРАЗЕ ЗАДЕРЖАНА ГРУППА КВАРТИРНЫХ ВОРОВ.17 января текущего года сотрудниками отдела криминальной полиции Управления полиции г.Тараз при проведении оперативно-розыскных мероприятий задержана с поличным преступная группа из трех человек, которая занималась квартирными кражами на территории областного центра путем подбора ключей к жилищам. Все задержанные являются жителями Тараза в возрасте от 22 до 30 лет, двое из них ранее судимы. При личном досмотре и обыске автомашины «ВАЗ 2109» обнаружены и изъяты черные перчатки, отмычки и вещественные доказательства причастности преступной группы к целой серии краж, которые произошли в период с 14 по 17 января текущего года. В том числе часы, банковские карточки, серебряные изделия, телевизор марки «Soni XP», ноутбук «Apple». Уже доказана причастность задержанных к четырем эпизодам. Общий ущерб составил более трех миллионов. Начато досудебное расследование по ст. 188 ч.3 УК РК.Сотрудниками ОКП УП г.Тараз также было установлено, что государственный номер машины преступников является подложным. Подозреваемые лица водворены в ИВС УП г.Тараз. В настоящее время проводятся дополнительные оперативно-розыскные и следственные мероприятия по установлению причастности группы к аналогичным преступлениям, схожим по способу, времени и почерку совершения, а также установлению возможных соучастников и изъятию вещественных доказательств. ПРЕСС-СЛУЖБА ДЕПАРТАМЕНТА ПОЛИЦИИ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

Опубликовано Жамбылом Облысы Полиция Департаменті Четверг, 17 января 2019 г.

ПІКІР