Таразда тағы бір марихуана сатушысы құрықталды

0 9

Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері талдау барысында Тараз қаласының аумағында “Марихуана” есірткі құралын сатқан 34 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Есірткі сатушыны ұстау кезінде тұрғылықты жерін және жеке тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі 600 г “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және 297-бабы1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.