Жамбыл жаңалықтары

Таразда ҰҚК офицеріне пара берген адам ұсталды

Written by Aray2005

Тараз қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицеріне пара берген адам ұсталды.

Тараз қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі қызметкерлерімен бірлесе өткізген шараларының нәтижесінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты көлік тексеріп-өткізу пункттерінің бірінің бастығына 390 000 теңге пара берген 38 жастағы қазақстандық ұсталды.

Ол Шекара қызметінің офицеріне параны Қазақстаннан Қырғыз Республикасына қарай жанар-жағармай өнімдерін ешқандай кедергісіз өткізу үшін бермек болған екен. Процессуалдық шаралар жүргізілуде.

«Шекара қызметі Мемлекеттік шекарадан жанар-жағармай өнімдерін ірі көлемде ғана емес, шағын көлемде де заңсыз өткізуге күн сайын тосқауыл қойып келеді. Өткен демалыс күндерінде ғана ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Мырзакент, Қордай шекара отрядтарының «Жетісай-авто», «Қарасу-авто», «Ауқатты», «Сортөбе» өткізу бекеттерінде 800 литрдент астам дизель отынын, 60 литрге жуық «АИ-92″ бензинін әртүрлі жолмен заңсыз алып өтпек болған 1 Өзбекстандық 3 Қырғыз Респубикасының және 1 Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталды», — делінген хабарламада.

zakon.kz

ПІКІР