Таразда жалған құжат жасатқан 300-ден астам студент оқудан шығарылды

0 59

Таразда жалған құжат жасатқан 300-ден астам студент оқудан шығарылды. Олар өңірлік университетке заңсыз жолмен оқуға түскен. Жоғарғы оқу орнында жылдар бойы жалғасқан былықтың бетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Кейінгі кезде өңірдегі белді университетке, бірінші семестрден кейін шетелдік оқу орындарынан ауысуға өтініш тастайтындар көбейіп кеткен. Дені Ресей мен Қырғыз елінен. Биылдың өзінде академиялық кезеңнен кейін 400-ден астам адам ауысуға өтініш білдірген. Оның 75 пайызының құжаты жалған болып отыр.
«Ресейде емес, біздің елде белгілі бір адамдардың жасап отырған іс-әрекеттері. Студенттермен әңгімелесу арқылы кім арқылы жалған оқу орындарына шыққаны тағы да басқа тексеру амалдарын жүргізетін боламыз», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.
Жалған құжатпен жоғарғы оқу орнына келген 300-ден астам студент пен магистрант бүгігі күні университеттен шеттетілген. Мамандар олардың ҰБТ мен кешенді тестілеуден өте алмай қалғанын анықтапты. Айлаға басқандар кезінде ақылы негізде оқу үшін де қажетті балл жинай алмаған деп отыр. Алайда олар білім алу ережесіндегі түрлі қиындықтардан айналып өтіп, университетке жалған құжаттарды ұсынған.
Тексеріс кезінде студенттер шетелдік жоғары оқу орындарында оқымақ түгілі, ол жақта тіпті тіркелмегені де анықталыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.