Тараздағы NIS оқушылар командасы Орталық Азиялық стартаптар байқауында 2500$ ұтып алды

0 9

Тараздағы Зияткерлік мектебінің UnApp Space стартап командасы Орталық Азиялық стартаптар байқауында екінші орынды иеленіп, жобаны дамытуға 2500$көлемінде грант ұтып алды.
Бұған дейін жас стартаперлер жоғары оқу орындарына түсуге дайындықты автоматтандыруға арналған платформасын ұсынып конкурстың республикалық кезеңінде жеңіске жеткен. Финалда жеңіске жету үшін 5 ел командалары сайысқа түскен, ондағы жалпы жүлде қоры 8000$ құрады.
– Жобамыздың дамып келе жатқандығы бізді қуантады, оны қазылар алқасы да атап өтті. Жақын арада өніміміз нарықта өз орнын алады және қазақстандық оқушыларға пайда әкеле отырып, дамуын жалғастырады деп үміттенеміз, – деп түсіндірді жоба капитаны Саяжан Оңласын.
Мектеп құрамасына келесі 10 және 12 сынып оқушылары кірді: Саяжан Оңласын, Сұлтан Мұстафин, Іңкәр Ибрагим, Камилла Машанло, Еңлік Серпін және Арслан Айменов.
Жас кәсіпкерлер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар жақын күндері Назарбаев Университеті жанындағы инкубациялық бағдарламадан өтіп, қаржыландырудың бірінші раундын тартуды көздеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.