Тараздық кәсіпкерлердің көмегі

0 0

«Қайырымдылық – жүректен» акциясы аясында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды.⠀
Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді күнделікті қажетті азық-түлік бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекен жайына жеткізіп, қолдарына табыстады.⠀⠀⠀⠀
Әуел баста жеті күнге жоспарланған бұл қайырымдылық шарасы тараздық кәсіпкерлердің жанашырлығы мен жомарттығының арқасында әлі де жалғасып келеді. Шілде айының 24-і күні басталған аталмыш шара шеңберінде күні бүгінге дейін мыңнан астам отбасы арнайы пакетпен қамтылды.⠀⠀⠀
Айта кету керек, азық-түлік пакеті табысталған отбасылар Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қалалық әкімдікке бір реттік көмек алу үшін өтініш жолдағандар тізімі арқылы анықталып отыр. Олар – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы немесе мүгедек баласы бар отбасылар.⠀⠀
Қамқорлық пен мейірімділікке негізделген «Қайырымдылық – жүректен» акциясы әлі де жалғасын таба бермек.⠀⠀

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.