Тараздық оқушылар онлайн оқуға көшті

0 10

Мектептер оқушыларға есігін ашып, балалардың қуанғаны кеше ғана еді. Бір айға толар-толмас уақытта Тараз қаласында білім беру ісі қайтадан онлайн оқытуға көшті.

Облыс әкімдігінің білім басқармасының мәлімдеуінше, Тараз қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделеніп кетуіне байланысты осындай шұғыл шешім қабылданып отыр. Яғни осы жылдың 20 сәуірінен бастап Тараз қаласындағы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі 1-8 және 10-сыныптарда онлайн форматта жүргізілуде. Ал мектеп бітіруші 9 және 11-сынып оқушылары дәстүрлі түрде оқи береді.
Айта кетерлігі, Тараз қаласындағы эпидемиоло­гия­лық ахуалға ғана байланысты осындай шешім жасалды. Бұның аудандардағы мектептерге қатысы жоқ. Ондағы оқушылар қалыпты жағдайда, дәстүрлі түрде мектепте білім алып жатыр.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.