Тараздық полицейлер Алғыс айту күні ардагерлерге құрмет көрсетті

0 0

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Басқарма басшылығының және Ардагерлер кеңесінің бастамасымен полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында ұзақ жылдар мінсіз қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер әріптестеріне алғыс білдірді. Ел тыныштығын күзетудегі қызметінде адалдық танытып, үздік нәтижелерімен кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсете білген отставкадағы милиция капитаны Раиса Хамитқызының үйіне барып, Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция полковнигі Талғат Тәтенов Полиция департаменті басшылығы атынан «Алғыс хат» пен гүл шоқтарын табыстады. Сонымен қатар, алдағы «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.
Милиция капитаны Ахметова Раиса Хамитқызы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамының еңбектеріне табыс тілей отырып, шексіз аналық алғысын білдірді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.