Тараздық полицейлер құқық бұзушылықты енді телефонға түсірмейді

0 14

Жамбыл облысының тұрғындарында полицияға жүгінудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Сондай-ақ  тәртіп сақшылары жаңа құрылғылармен де қамтамасыз етілуде.

Естеріңізде болса, былтыр «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіштері істемей, құқық бұзушылықты  ұялы телефонға түсіріп жүргені сыналған болатын. Осыған орай  ағымдағы жылы патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларын бейнетіркегіштермен және планшеттермен қамтамасыз ету жоспарлануда екен.

Одан бөлек, халықтың көп шоғырланатын  жерлеріне  модульдік үлгідегі қазіргі заманғы стационарлық бекеттерді орнату көзделуде. Стационарлық бекеттерде ішінде де, сыртында да тәулік бойы бейнебақылау жүргізілетін болады. Камералардан бейнесурет онлайн режимінде Тараз қаласы ПБ Жедел басқару орталығына шығарылады.

 Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «102» мобильді қосымшасы іске қосылмақ. Осы қосымшаның көмегімен азаматтар полицияға кез-келген құқық бұзушылық туралы хабарлама жібере алады, ішкі істер органдарына, оның ішінде жеке қауіпсіздік қызметіне өтініш бере алады. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «102»  мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады.

Ал қоғамдық орындар мен көшелерде полицияның “SOS батырмасы” шұғыл шақыру құрылғысы орнатылады. Осы дабыл батырмасын басу арқылы полицияға хабарласуға немесе қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Мұндай алаңдар «қадамдық қолжетімділік»  қағидаты бойынша полиция жұмысының негізі болып табылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.