Жамбыл адалдық алаңы

Тараздық түлектер «Шығынсыз кеш» акциясын қолдайды

Written by Aray2005

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» кешенінде «Жамбыл — адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық білім бөлімі мен «Адал ұрпақ» клубтарының ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектер арасында «Шығынсыз кеш» атты акциясы өтті.

Акция мектеп бітіруші түлектерді мектеп бітіру кештерінен, қымбат көліктер мен аста-көк киімдерден бас тартып, игі істер жасауға шақыруды мақсат етті.

Аталған акцияға Тараз қаласындағы 20 мектеп түлектері (№3, 4, 8, 10, 11, 16, 17, 20, 22, 23, 25, 27, 29, 34, 35, 37, 40, 57, 59, 60 мектептер) қолдау білдірді.

Шараға қатысушылар облысымыздың барлық мектептеріне аталған акцияға қолдау білдіруге шақырды.

ПІКІР