Жамбыл жаңалықтары

Тараздықтар «Амал күнін» атап өтті

Written by Aray2005

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай тараздықтар халықты береке мен бірлікке, ұйымшылдық пен ынтымаққа бастайтын «Амал күнін» атап өтті. Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен шараға қалалықтар көптеп жиналды.

Көрісу немесе Амал күні аталып кеткен бұл салт көнеден келе жатқан дәстүр. Үрдіс бойынша туған-туыс, құдайы көршімен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтап, көктем айының жетуімен бірін-бірі сүйіншілеп жатады. Мереке аясында мәдениет үйінің ауласына жиналған жұртшылыққа арналып қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылып, спорттық жарыстар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шарада ТарМУ-дың өнерлі студенттерінен құралған «Дулати» жастар театры қыз-жігіт арасындағы айтысты көрініспен көрсетсе, ақжаулықты аналардан құралған «Асыл әжелер» тобы халық әндерін шырқады. Аузы дуалы қариялар жиналған жұртқа бата берді.

ПІКІР