Sport

«Тараздың» тізгінін Никитенко ұстады

Written by Aray2005

Владимир Никитенко «Тараз» футбол командасының бас бапкері болып тағайындалды.
«Тараз» футбол клубының Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанар алдында команданың жаңа бас бапкері тағайындалды. Бұл қызметке белгілі қазақстандық маман Владимир Никитенко келді.
Ол «Қайрат», «Қайсар», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» және тағы басқа қазақстандық командалармен жұмыс істеген тәжірибелі маман. Сондай-ақ, оның мансабында ҚР жастар құрамасы (U-21) бар.
1990-1992 жылдары Жамбылдық Химик командасының тәлімгері болды. Ал 2003 жыл мен 2007 жылға дейін грозныйлық «Терек» бапкерлік штабында жұмыс істеді.
Никитенко жаттықтырушы ретінде өзін жемісті көрсетті, ол екі рет Қазақстан чемпионы және 4 түрлі клубтарда ел Кубогының 4 дүркін иегері болған.
Тараздың жаңа басшысына сәттілік тілейміз!

«Тараз» ФК баспасөз-қызметі

ПІКІР