Жамбыл жаңалықтары

Тарихи шешім

Written by Aray2005

Мемлекет тарихындағы тағы бір маңызды шешім қабылданды. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы ағымдағы жылдың 9-маусымында өтетінін мәлім етті.

Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жариялаған Үндеуі қысқа да, нұсқа. Мәнді де, мағыналы болды. Жалпы, тарихи маңызды шешімнің негізгі жемісі — Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев іргесін берік қалап берген мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, ішкі-сыртқы саяси тұрақтылықтың сақталуы деп ойлаймын.

Себебі, халықты, мемлекетті басқару үлкен жауапкершілікті жүктейді. Елдің сеніміне ие болу мәртебесін абыроймен арқалап жүру – өте ауыр міндет. Сондықтан, жұртшылық алдағы сайлауда мемлекет басқарудан хабары бар кандидатты таңдайды деп үміттенемін және сенімдімін. Өйткені, қазіргі біздің сайлау туралы Заңымыз бойынша, президенттікке үміткер ретінде көлденең көк аттылар тіркеле алмайды.

Қалай айтсақ та алдағы сайланар ел Президенті реформатор ғана емес, әлемдік деңгейдегі саясаткер бола білуі керек. Сонда ғана Мәңгілік елдің мұраты асқақ, бағындырар белестері ауқымды болмақ.

Дәулеталды Жанбаев,

«Алтынорда-2006» ЖШС бас директоры, Сарысу ауданының Құрметті азаматы

ПІКІР