Тәртіп сақшылары «Қазпошта» мекемесіне тінту жүргізді

0 20

Жамбыл облысының  Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Кинологиялық қызмет орталығының полицейлері мен «Қазпошта» АҚ-ның   жамбылдық  филиалы қауіпсіздік қызметінің мамандары  қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тінту іс-шараларын жүргізді.

Шара барасында «Қазпошта» АҚ Жамбыл филиалының объектілері, яғни  негізгі ғимарат және теміржол вокзалы аумағындағы сұрыптау пункті бандерольдер мен посылкаларда жөнелтілген тыйым салынған есірткі құралдарының болуына қатысты тексеруге  түсті.

«Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы мұндай іс – шаралар есірткі құралдарын тасымалдау арналарын жабу мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі»,- дейді ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.