"Заң және біз"

Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді

Written by Aray2005

Бүгінгі қос мерекенің бірі — полиция қызметкерлерінің күні. Жылдағы дәстүрге сай аудандағы тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, үздіктері марапатталды.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарған бір топ ішкі істер саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хаттарын тапсырды. Аудан әкімінің құттықтауын жеткізген Бейқұт Тілебалдыұлы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Ауданымыздағы полиция қызметкерлері өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін» деп атап өтті өз сөзінде.
Сонымен қатар, шара барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Ережеповке ҚР Ішкі істер министрінің «Құқықтық тәртіпті қамтамассыз етуде облыста сіңірген ұзақ жылғы еткені үшін» медальі салтанатты түрде табыс етілді. Өз кезегінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы да сала қызметкерлеріне деген ізгі тілегін жеткізіп, ауданның құқық қорғау саласын жетілдіруге, оның ішінде қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға сіңірген еңбектері үшін аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарын бірқатар қызметкерге табыс етті.

ПІКІР