Қоғам

Тәртіп сақтап, сабырлылық танытайық

Written by Aray2005

Мемлекет басшысының короновирус тың әлі де белең алып отырған жағдайында төтенше жағдайды 11-мамырға дейін созылатыны жөніндегі мәлімдемесін тыңдадым. Қауіпті дерттің Казақстанда кең таралып кетпеуі үшін күрделі және аса қажет шешім қабылдағанын, азаматтардың денсаулығы мен өмірінен қымбат ештеңе жоқтығын, сондықтан оны корғап калу үшін барлық жағдайды жасап жатқанын айтты.

Курделі кезеңде әрбір адам мемлекет қамқорлығында болатыны, қиын кезеңде қаржылай да, азық-түлікпен де көмек көрсетуді жалғастыратыны айтылды. Жұмысы токтағандар мен жұмыссыздарға 42 500 теңге қайтадан құжат өткізбей тағы да төленетіні белгілі болды.

Орта және шағын бизнес субъектілеріне де үлкен колдау көрсетіледі, ол үшін мемлекеттен 6 триллион теңге бөлу көзделген. Жалпы осы төтенше жағдай кезінде 4,4 миллион азаматка қаржылай көмек көрсетілген. Бұл дегеніміз мемлекет басшысының үлкен қамқорлығы. Сабырлылық мұратқа жеткізеді. Төтенше жағдайдың көбі кетіп азы калғанда тәртіп сақтап, сабырлылық танытайық. Мен мемлекет басшысының талаптарын колдаймын!

Ж. Даниярова,

Мойынқұм ауданының құрметті азаматы

ПІКІР