Қазақстан халқы ассамблеясы

«Татулықтың үздік үлгісін көрсетті»

Written by Aray2005

Леля Узденова,
«Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың облыстық филиалының төрайымы:  

– Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ол елімізде тұратын барлық этностардың мүдделерін қамтамасыз ету құралына айналды. Және уақыт бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдеді.
25 жыл ішінде Ассамблея Қазақстандағы тұрақтылықты нығайтудың пәрменді құралы ретінде әлемдік қауымдастық мойындаған беделді ұйымға айналды. Достық үйлерінің институционалдық қызметі мен басымдықтары өзгерді. Егер бірінші кезеңде дәстүрлерді, мәдениетті және халық шығармашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінсе, қазіргі таңда жұмыстың векторы біртіндеп ауысты. Қазір жаңа бағыттар қосылып, қоғамдық институттың құзыреті айтарлықтай кеңейді.
Елбасымыз халық бірлігі-біздің басты байлығымыз екенін әрдайым айтуда. Ассамблея біздің тұрақтылығымыз бен бірлігіміздің тарихы, біз оны сақтап қалып, құрметтеуіміз қажет.
Ассамблея аясында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың мақсаттары, құндылықтары мен идеялары, ортақ тарихи тағдыры, әлеуметтік мәселелері тең құқықты өкілеттілікке ие болып, бір тұтас шаңырақ астына ұйысты. Барлық ұлттардың келісім тауып, тілдерін, мәдениетін, дәстүрлерін дамытуға ұмтылыстары, өз тарихи отандары жайындағы маңызды оқиғалары жайында хабардар болып, бірлігі мықты елде тұрып жатқандары бағамдалды. Осылайша қазақтың қасиетті әрі мейманжай шаңырағының астында Қазақстан халқы Ассамблеясы салтанат құрды.
Татулық пен ынтымақтың белгісі ретінде барлық этностардың бір-біріне және туысындай көріп, бауырына басып қабылдаған қазақ ұлтына алғыс айту мақсатында жыл сайын 1 наурызда Алғыс күні ерекше аталып өтеді. Себебі бұл мереке, қазақстандықтарды одан да жақындата түсті. Бұл күн мейірімділік пен достықтың, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген шексіз махаббатының айқын көрінісін көрсетуде.

ПІКІР