Қазақстан халқы ассамблеясы

«Татулықтың туы ешқашан жығылмасын!»

Written by Aray2005

Махмутжан Давришев,
облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін бейбітшіліктің жарқын мерекесі ретінде атап өту көпұлтты еліміз үшін дәстүрге айналды. Бұл мереке барша ұрпақтар сабақтастығы мен татулығының белгісі. Дәл осы күн жылдар бойы сақталып, тамырын тереңге жайған достығымыздың, бауырластығымыздың айқын көрінісі іспетті. «Бір ел – бір тағдыр» қағидасына негізделген келісім мен халық бірлігі егеменді еліміздің іргетасы саналады.
Дәл қазір өңірімізде түрлі конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ұлттар мен ұлыстардың өзара түсіністікте жұмыс істеп келе жатқаны да ұлтаралық келісімнің нәтижесінде екені рас. Қазақстанда осы күні 130-дан астам ұлт бар болса, соның ішінде біздің облыс басқа өңірлерге қарағанда ең көпұлтты аймақ саналады. Сондықтан бірлікті, достықты одан әрі нығайту- баршамыздың міндетіміз.
Қазіргі қиын таңда біз бірлігімізді көрсетуіміз қажет. Қазақ ұлтымен бірге небір қиындықтарды бастан өткеріп, бірлесе жеңе білдік. Бүгінгі әлемдік пандемияда да бір үйдің баласындай тұтастық пен татулық қажет болып тұр. Сондықтан барша қазақстандықтарды жұдырықша жұмылуға шақырамын.
Тәуелсіз, зайырлы мемлекетіміз өсіп-өркендей берсін! Татулығымыздың туы ешқашан жығылмасын!

ПІКІР