Тәуелсіздік жылдарының жетістіктерімен танысты

0 27

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Тифломузей» жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарының жетістіктері» атты фотокөрмеге экскурсия жүргізді.

Мұндағы мақсат – халқымыздың тарихын, мәдениетін суреттеген қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көру қабілеті әлсіз және нашар көретін азаматтарға таныстырып, туындыны қолдарымен ұстап, сезіну арқылы ой өрісін дамытып, қоғам көшінен кеш қалдырмау.

Шараға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері мен тұрақты оқырмандары және «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері қатысып, зағип оқырмандарға галереяны аралап, әрбір сурет туындыларын қолмен сипап сезінулеріне өз көмектерін берді.

Көркемсурет галереясының бөлім меңгерушісі Б. Райқұлова ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтап, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Таразға келу сәтінен арнайы дайындалған тарихи суреттері мен фотограф А. Қартабайдың Әулиеата өңірінің көрікті жерлерін бейнелейтін көрмелерімен таныстырды.

Сондай-ақ, зағип оқырмандар арнайы бедерлі графиялық көрсеткіште жасалған тарихи таңбалар мен теңіз асты әлемін бейнелейтін көкем тифлотуындылармен танысып, тифломузейдегі қолөнер шеберлерінің жұмыстарын қолмен ұстап, көзбен көргендей әсер алғандықтарын айтып, суретшілер мен ұйымдастырышыларға алғыстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.