Тәуелсіздікке тарту – 30 кітап

0 22

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдық мерейтойы аясында қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» акциясы аясында таңдалып алынған әдебиеттерді зағип оқырмандар арасында насихаттау мақсатында дауыстап оқу өткізді.
Шараға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, тұрақты оқырмандар қатысты. Кітапханашы акция аясында таңдалып алынған әдебиеттерге шолу жасап, әдебиеттердің маңыздылығын арттырып, үзінділер мен өлеңдер оқыды.
Зағип оқырмандар әдебиеттерге қатысты сұрақтарын қойып, 90 жылдық мерейтой иесі Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін кітапханашылардың оқып беруін өтінді.
Сонымен бірге, акция аясында таңдалып алынған әдебиеттерді Брайль қарпіне аударып, өздерінің қолжетімділіктерін арттыру жөнінде ұсыныстарын айтты.
Шара соңында кітапханашылар М.Мақатаевтың өлеңін оқып, акция аясында таңдалып алынған 30 кітапты республикалық зағиптар кітапханалары Брайль қарпіне аударып жатқаны да жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.