Тәуелсіздікке тартылған сый

0 25

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке тартылған сый» атты әдеби композиция өтті
Кітапхананың тұрақты оқырманы, жас ақын Райымбаев Мерейхан «Тәуелсіздіке тарту» өлеңімен кешті ашып, іс-шара қонағы Жамбыл облысы «Jas otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали зағип жандармен пікірлесті.

І топ көз мүгедектері Махмұд Пірманов «Мен қазақпын», Нұрсұлтан Ақпаев «Атамекен», Ғалымжан Есманов «Қазағым-ай» әнін шырқап, арнайы кітапханада іс-тәжірибеден өтіп жүрген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білімгерлері Мақпал Лесбек мен Гүлзат Зәйлу қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.
Ерғали Рүстемұлы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында істеліп жатқан оң істер, «Jas otan» жастар қанатының атқарып жатқан жұмыстары мен жастарды кітап оқуға баулудың жолдарын айтып, кешті ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Пай-пай, өмір» өлеңін оқумен аяқтады. Кеш соңында кітапхананы аралап, Брайль қарпінде кітап шығаратын Ербол Бегімовтың жұмысы мен кітап көрмелерімен танысты. Саусақ ұшындағы әлемді сезініп, Брайль қарпіндегі әдебиеттерді көріп, бірге жұмыстар жүргізетін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.