Жамбыл жаңалықтары

Таутұлғаға құрмет

Written by Aray2005

12 қаңтар – қазақ халқының біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Осынау айтулы күнге орай Жамбыл жұртшылығы Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алдында орын тепкен кемеңгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеев пен тұрғындар қатысты. Бір минут үнсіздікпен еске алудан кейін зиялы қауым өкілдері сөз тізгіндеп, ел бағына туған ерен тұлға туралы естеліктер айтты.

Елдар Боранбек

ПІКІР