Таяуда тек тарихи фильмдерді тамашалаймыз

0 2

Қазақстанда кинематография саласына бөлінетін қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

– 2021 жылы кинематография саласында жыл сайынғы мемлекеттік қаржыландырудың жалпы көлемінің 70%-ын тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға, ал қалған 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты жеке киножобаларды және жас таланттардың дебюттік фильмдерін қаржыландыруға бағыттау көзделген. Осы арқылы киноөндіріс саласында жаңа бюджеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырылады», – деді Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша кино өндірісіне жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қаражаттың күрделі қойылымды тарихи фильмдер шығару үшін кемінде 50%-ын «Қазақфильм» киностудиясына жіберуге мүмкіндік беретін норманы заңнамалық деңгейде көздеу қажет. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жақын арада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ модернизациясын жүзеге асыру қолға алынбақ..

Leave A Reply

Your email address will not be published.