«Тегімді қазақшаласам, барлық құжатымды өзгертуім керек пе?»

0 15

«Төлқұжатымда тегімнің (фамилия) соңындағы -ов жалғауын алып, атамның есімімен қалдырып, қазақшалап жазғызсам, бұрынғы мектеп бітірген аттестатым, университет бітірген дипломым сияқты барлық құжаттарымды ауыстыруыма тура келе ме?» 

«Қорғау» орталығының облыстағы филиалының бас маманы, заңгер Баян Құрбанова:
– Егер азамат тегінің жалғаусыз жазылуын қаласа, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы АХАЖ-ға өткізеді. құжат дайын болған соң, сол жерден бастапқыдағы құжатында жазылған тегін өзгерткені туралы анықтама ала алады. Құжаттарға қатысты мәселелермен барған жеріне алынған анықтаманы төлқұжатымен бірге көрсетіп жүрсе, ешқандай қиындық туындамайды.
Сол сияқты аттестат, диплом берген мекемелер құжатына тегін өзгертіп жазып беруі де мүмкін, оқыған жерлерінен сұрастырып көрсе болады. Бір сөзбен айтқанда, тегінің соңындағы жалғауды алып, өзгерткенде аса қиындық туындамайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.