ТИГУ халықаралық оқу орны дәрежесін алды

0 8

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті халықаралық оқу орны дәрежесін алды. Бұл туралы білім ошағының баспасөз хатысы Нұржан Туғанбай өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Енді ол Халықаралық Тараз инновациялық деп аталады.

Айта кетейік, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 2008 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында ашылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет қызметін бастады.

2009 жыл – 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 нөмірлі мемлекеттік лицензиясы берілді. 2012 жылы жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа беріліп, 2014 жылы университет базасында 3 га тәжірибелі жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ал, өткен жылы аумағы 7 130,6 шаршы метр болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.