"Шамшырақ"

ТИГУ студенттері арасында зияткерлік ойын өтті

Written by Aray2005

«Жастар жылы»  аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұйымдастырумен «IQ TIGU»  зияткерлік ойыны өтті.

Ойшылдар сайысы «Бәйге», «Ғажайып алаң», «Қиял әлемі», «Тұлғалар» секілді 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Ойынға университет факультеттерінен 7 топ  қатысып, іріктеу кезеңінен  жартылай финалға «Жібек жолы жастары», «Көшбасшылар», «Болашақ заңгер», «АКТ» командалары өтті.

Ойынның қорытындысы бойынша «Үздік команда» және І орын  «Экономика және құқық» факультетінен «Көшбасшылар» командасы, ІІ орын «Білім» факультетінен «Жібек жолы жастары» командасы, ІІІ орын «Экономика және құқық» факультетінен «Болашақ заңгерлер» командалары қанжығасына байласа, «Үздік ойыншы» аталымын Шахназар Жүсіпов иеленіп, дипломдармен және қаржылай сыйлықақымен марапталды.

Қанат Райқұлов,

ТИГУ «Тәрбие жұмыстар» бөлімінің маманы

ПІКІР