"Сырғалым"

Тиімді боянудың тәсілдері

Written by Aray2005

Сұлулыққа құмар қыз-келіншектердің табиғи ажарын аша түсетін бояудың да біз біле бермейтін сан қыры бар. Бояу арқылы бет жүзінің формасын сүйкімді етіп, ақшыл реңге ендіріп, қасты қиылтып, мұрынды қырландырып көрсетуге болатынын бүгінгі тың әдістерді қолданатын қыздарымыз дәлелдеп те жүр. Егер әсері ерекше, қымбат косметика мен құралдар болмай қалған жағдайда қолдануға болатын айла-тәсілдер де бар.

Мысалы, кірпікке көлем беретін тушь болмаса, үгілмелі опаны кірпігіңізге сеуіп, кейін тушь жақсаңыз, кірпігіңіз қалың әрі үлпілдеген күйге енеді.
Аяқ астынан кешкі кездесуге бару керек болған жағдайда бетіңіздегі бояуды лезде жөндеу үшін суланған қағаз майлықпен күні бойы жиналған шаң-тозаңды сүртіңіз. Содан кейін бетіңізге кішкене опа жақсаңыз, ажарыңыз ашыла түседі.
Солғын, шаршаңқы теріні бояу жақпай тұрып сергітіп алуға болады. Ол үшін лимон шырынын молырақ сумен араластырып, бетті шайса, қымбат лифтинг құралдарының әсеріндей нәтиже береді.

Қамар Қарасаева

ПІКІР