«Тиісті талаптарды сақтаған жөн»

0 4

– Төтеннен келген қауіпті індет әлем жұртшылығын әлекке салды. Бүтін дүниенің бір бөлшегі ретінде біздің еліміз де COVID-19 деп аталатын вирустың жаңа түрімен бетпе-бет келді. Ал, дауасыз дертпен күресудің алдыңғы шебінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жүр. Олардың кейбірі тіпті өз басын тәуекелге тігіп, коронавирусқа шалдыққандарды емдеп жатыр. Отбасынан жырақ карантиндік режимде жұмыс жасап жүрген ақхалатты абзал жандарға бүгінгі қоғамның құрметі ерекше.
Президент пәрменімен қауіпті індет жұқтырған жандарға ем-дом жүргізетін медицина мамандарына қосымша қолдау көрсетіле бастады. Апта басындағы мәлімдемесінде Мемлекет басшысы қосымша үстемеақының 3 ай бойы төленетінін айтты. Сондай-ақ денсауық сақтау қызметі мамандарының өмірлерін сақтандыру мәселесінің шешімін тапқаны қуантты.
Қазіргі таңда медицина қызметкерлері үшін мемлекет тарапынан жасалған әлеуметтік қолдаумен бірге көпшіліктің де көмегі ауадай қажет. Коронавирустың кең таралуына жол бермеу үшін баршаларыңыздың үйден шықпай, өз-өздеріңізді оқшаулауға көшсеңіздер, сіздің саулығыңыз үшін күн-түн демей қызмет жасап жүрген мамандардың жұмысы жеңілдей түсер еді.

Жайдар Әйтішев,
Мойынқұм аудандық ауруханасының бас дәрігері,
облыстық мәслихаттың депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.