Тікұшақ құлап, бір адам көз жұмды

0 2

Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Ресейдің Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасының дерегінше, 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан. Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келген.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған. Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.