Тіл байқауында тілшілер топ жарды

0 21

Ана тілінің абыройын асқақтатып, мемлекеттік тіл саясатын ілкімді іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының орны алабөтен. Осы ретте облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жыл сайын сала мамандары арасында дәстүрлі байқау ұйымдастырып келеді. Кеше биылғы байқаудың үздіктері анықталды.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауына тіл саясатын жүзеге асыру, тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту тақырыптарында жарық көрген жалпы саны 28 мақала, 2 телебағдарлама,
3 сайт мақаласы жолданған. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік деп тапқан 6 мақала, 3 сайт мақаласы, 2 телебағдарлама іріктеліп, жүлделі орындарға ұсынылыпты. Ал қалған қатысушылар басқарманың Алғыс хаттарымен марапатталды. Қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынды ардагер журналист Сапарғали Әлібай, ІІ орынды «Aulieata-media» ЖШС облыстық «Arai» газетінің «Мәдениет және әлеумет» бөлімінің редакторы Нұржан Қадірәлі мен аталмыш бөлімнің тілшісі Айжан Өзбекова,
ІІІ жүлделі орындарды республикалық «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Михаил Тё, «Aulieata-media» ЖШС облыстық «Aqjol» газетінің тілшілері Марат Құлибаев және Камила Борашева иеленді.
«Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша І орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Ғалия Әбдіханова, ІІ орынды «Aulieata-media» ЖШС облыстық «Arai» газетінің «Экономика және саясат» бөлімінің редакторы Талғат Нұрханов, ІІІ орынды облыстық «Jambyl» телеарнасының үйлестірушісі Гүлнұр Құланбаева иеленді. «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша облыстық «Jambyl» телеарнасының продюсері Ғазиза Рүстемова мен журналисі Аягөз Құлмамбеттің хабары Алғыс хатқа ұсынылды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының дипломы, Алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Әріптестердің кезекті жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық толағай табыстар тілейміз!

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.