Тіл тағдыры – ел тағдыры

0 26

Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.

Қазақ тілінің халқымыздың асыл қазынасы, ұлттың бірлігі мен топтасуына ықпал ететін басты құрал екендігін мектеп оқушылары арасында ннасихаттауға мақсатында Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте түрлі іс- шаралар өткізіледі. Атап өтер болсақ, дарынды балалардың шығармаларын мектепішілік, аудандық газеттерге жариялау, ақын-жазушылардың мерейтойларын атап өту, ай сайын мектепте кітап көрмесін ұйымдастыру, тіл мамандарының уақытылы курстардан өтуі, ауыл әкімшілігімен бірлесе отырып қоғамдық жұмыстар жүргізу жоспарға қойылған. Қыркүйек айында мектебімізде «Тіл және әдебиет» пәндер бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Жоспарға сай тілдер бірлестігінің онкүндігінде «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. Сонымен қатар «Сөзмерген», «Знание-сила» тақырыбында аранйы сабақтар өткізілді. Осы іс- шаралар барысында оқушылардың тіл төңірегіндегі білімдері анықталып, тілді үйренуге деген құлшыныстары байқалды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде бұл іс- шаралар өз жалғасын тауып, онлайн өткізілуде.

Айман ТОЛҚЫМБЕКОВА,
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектептің
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.