Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды

0 1

Кеше облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Сарысу ауданы Жаңатас қаласы 4  шағын ауданындағы көпқабатты тұрғынүйдің жанында тал және тұрмыстық заттардың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінен 1 дана өрт сөндіру техникасы мен 3 адам жеке құрам шыққан. Оқиға орнына жеткен от жауынгерлері өрттің көпқабатты тұрғынүй пәтерінің балконына таралғандығын анықтап, жедел түрде өрт сөндіру жұмыстарын атқарып, нәтижесінде өрттің пәтер ішіне таралуының алдын алған.

Оқиға орыннан 5 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Қазіргу уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.