Титтей апама таудай күш берген кім?

0 46

Менің Рәзия деген нағашы апамның әпкесі болатын. Аты Баршакүл. Шешемнің айтуынша, бақсылықтың ұшқыны бар ол кісі бейсенбі, жұма күндері «аруақ қысып жатыр» деп нәр татпай, таңнан кешке дейін тамның бір бұрышында бүрісіп жатып алады екен. Сондай күндердің бірінде апамыз өзін белінен кендір арқанмен екі орап, екі жағынан үш-үштен алты жігітке тартқызады екен.
Күші тасып тұрған жігіттер қойсын ба, Баршакүл апамыздың белі сырт көзге үзілуге сәл-ақ қалғандай болып көрінген соң жиналған жұрт апамызды босатып аламыз деп ұмтылғандай болып қозғалақтап қойып, бірақ қасына баруға жүректері дауаламай, амалсыздан іштен тынып тұрады.
Екі жаққа ышқына тартып жатқанда «Дақ салма, дақ салма» деп үздіксіз айтып тұрып, әбден шарықтау шегіне жетті деген кезде шынашақтай кемпір екі қолымен екі жағындағы арқанды ұстап, ортаға қарай сілкіп тартқан кезде алпамсадай алты жігіт бір-біріне соғысып, ұмар-жұмар болып қалады екен. Бір қызығы, осыдан кейін жауар бұлттай тұнжырап жүрген апамыздың қабағы ашылып сала беретін болған.
Ал денесінде пәлендей жарақат, арқанның қанталаған іздері де көрінбейді екен.

Марат АХМЕТОВ,
журналист

Leave A Reply

Your email address will not be published.