Токиода топ жарғандар қанша сыйақы алады?

0 8

Токио Олимпиадасына айдан астам уақыт қалды. Қазір спортшылар соңғы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, жолға қамдануда. Ал еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне қанша сыйақы берілетінін мәлімдеді.

«Бұл жолғы Олимпиадада жеңіске жеткен спортшылар мен олардың бапкерлеріне сыйақы беру туралы ереже бекітілді. Осы құжат бойынша
І орын алған спортшы мен бапкер үшін 250 мың доллардан беріледі. Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші баптаған жаттықтырушысына үлестіріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы, яғни осы 150 мың доллардан, аталған спорт түрінің бас бапкеріне төленеді», – деді министр Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, жарыста ІІ орын алған спортшыға – 150 мың доллар, ІІІ орынға 75 мың доллар белгіленген.
Еске сала кетсек, күні кеше Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімі жарияланды.
Атап айтсақ, жеңіл атлетика (12 жолдама): Георгий Шейко (спорттық жүріс), Айман Ратова (спорттық жүріс), Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Жанна Мамажанова (марафон), Иван Иванов (ядро лақтыру), Ольга Сафронова (100 және 200 метрге жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру).
Суда жүзу (2 жолдама): Дмитрий Баландин (100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзу) мен Диана Назарова.
Ашық суда жүзу (1 жолдама): Виталий Худяков.
Каратэ (5 жолдама): Дархан Асадилов (67 келі), Софья Берульцева (+61 келі), Данияр Юлдашев (+75 келі), Мөлдір Жаңбырбай (55 келі), Нұрқанат Әжіқанов (75 келі).
Спорттық құзға өрмелеу (1 жолдама): Ришат Хайбуллин.
Синхронды жүзу (1 жолдама): Александра мен Екатерина Немич.
Бокс (9 жолдама): Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі), Надежда Рябец (75 келі).
Велоспорт (7 жолдама): 2 жолдаманы Артем Захаров пен Сергей Пономарев иеленді. Сонымен қатар Пономарев спринтте де сынға түседі (барлығы 3 жолдама). Қалған 4 жолдаманың иелері жақында белгілі болады.
Қазіргі бессайыс (2 жолдама): Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко.
Спорттық гимнастика (7 жолдама): Милад Карими.
Садақ ату (4 жолдама): Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мусаев және командалық бір жолдама.
Стенд ату (2 жолдама): Әсемгүл Орынбай, Зоя Кравченко.
Нысана көздеу (1 жолдама): Юрий Юрков.
Еркін күрес (5 жолдама): Нұрислам Санаев (57 келі), Дәулет Ниязбеков (65 келі), Данияр Қайсанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі).
Грек-рим күресі (3 жолдама): Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі).
Әйелдер күресі (3 жолдама): Валентина Исламова (50 келі), Татьяна Аманжол (53 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).
Слаломда есу (2 жолдама): Александр Куликов пен Екатерина Смирнова.
Байдарка мен каноэде есу
(6 жолдама): Наталья Сергеева, Светлана Усова, Маргарита Торлопова, Сергей мен Тимофей Емельяновтар (сонымен қатар бұлар тағы үш сында өнер көрсете алады).
Академиялық есу (1 жолдама): Владислав Яковлев.
Үстел теннисі (2 жолдама): Анастасия Лаврова мен Кирилл Герасименко.
Су добы (1 жолдама): ерлер командасы.
Таэквондо (2 жолдама): Жансель Дениз бен Руслан Жапаров.
Көркем гимнастика (1 жолдама): Алина Әділханова.
Семсерлесу (1 жолдама): Руслан Құрбанов.
Ауыр атлетика (2 жолдама): Игорь Сон (61 келі), Зульфия Чиншанло (55 келі).
Дзюдо (6 жолдама): Елдос Сметов (60 келі), Ерлан Серікжанов (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Дидар Хамза (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі) және Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі).
Теннис (7 жолдама) Жекелей сында: Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин. Жұптық сында: Андрей Голубев-Александр Бублик, Елена Рыбакина-Ярослава Шведова.

Міне, ел намысын қорғайтын спортшылар осы. Одан бөлек Паралимпиада ойындарында да бақ сынайтын спортшыларымыз бар. Отандастарымызға тек сәттілік жолдас болып, жеңіс тұғырынан көрінсін деп тілейміз!

Саян ТІЛЕУЖАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.