Төреші ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін ойынды тоқтатты

0 0

Түркияда қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін төреші матчты уақытша тоқтатты.

Бұл Түркия Бірінші лигасында «Гиресунспор» мен «Кечиоренгюджю» арасындағы кездесуде болған. Бас төреші ойынды 11-минутта тоқтатқан.

Шағын үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тағамдар жеген. Twitter желісіндегі beIN Sports парақшасында жарияланған видео төрт миллион қаралым жинап, 1,5 мыңнан аса қолданушы пікір жазған.

«Чемпионат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.