«Тұлпарыммен Марста маска саттым»

0 6

Аспаннан өзен көрдім тасып аққан,
Дүнием құстың сүті баста сатқан.
Мың жылдық өтілі бар шаштаразбын,
Сталиннің өзі келіп шаш жасатқан.

Арызданып қарнының ашқанына,
Маған кепті бір маса бастағы да.
Құс біткенді бір күнге зыр жүгіртті,
Бүркіттің шымшық шығып «WhatsApp»-ына.

Қарақұртты сойдым да қара лақ деп,
Мен кеше құда күттім аралап көк.
Дәм сезбей, иіс сезбей қалғандарға,
Жаңбырдың суын бердім ақ арақ деп.

Жарты ми сұрап алып жарық бастан,
Құстың сүтін ағыздым арық, тастан.
Піл біткенді үйірімен айдаймын деп,
Бір шымал бас білдірмей алып қашқан.

Бір түйе түнде тойдан ішіп келген,
Амандасып алақанын қысып көргем.
80-дегі көртышқан досым болды,
Жолбарыс аулағанда мысықпенен.

Құмда өмір сүргенде тірі балық,
Сайтанның молда болғам тілін алып.
Тұлпарыммен Марста маска саттым,
«32-ші» автобусқа мініп алып.

Шапағат ӘБДІРҰЛЫ,
ақын

Leave A Reply

Your email address will not be published.