Мәдениет

Тұрағын туған жерден тапқан нар ақын

Written by Aray2005

Тарихы бай, болашағы кемел Таластың топырағынан туған таланттар аз емес. Бүгінде еліміздің көлемінде білім мен ғылымның, өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосып жүрген аудан азаматтарының аты жалпақ жұртқа жақсы таныс. Осынау шоқтығы биік азаматтардың ішінде ақын, ҚР мәдениет қайраткері  Нарша Қашағанұлының орны ерекше.

Тұрағын туған жерден тапқан нар ақын Нарша Қашағанұлы 1951 жылдың 1 сәуірінде Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген. Нарша ақын еңбек жолы туған ауылынан бастау алған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика мамандығында білім алған. Мамандық таңдаудан қателеспеген ақын оқуын аяқтап облыстық газеттерде қызмет атқарған.

«Тамаша неткен Таласым менің,

Мақтамас кімдер даласын жерін?

Тірліктің сырын ұғынған сайын

Киелі болып барасың елім.

Өсірген малын, баптаған жерін,

Қонаққа ылғи сақтаған төрін.

Ауданның ары, намысы болған,

Алпыс бір ерін мақтаған едің.

Тәкәппар тауың, кеңпейіл далаң,

Біреуі әкем, ал бірі анам.

Қаншама қиын болғанмен заман

Таласым мәңгі қаласың аман»  – деп өзі жырлағандай туған жерге, елге деген ыстық ықыласын бұл бір өлеңмен ғана емес, «Рахмет , саған туған ел», «Елде тұрам», «Туған ел тұлғалары» сынды жыр жолдарында анық байқалады. Таластықтардың еңкейген кәрісінен еңбектеген сәбиіне дейін «Ауыл дейтін ауыспайтын астана», «Көп адамдар көшіп жатыр Ақкөлден» атты жырларын жатқа оқиды.

«Аттың басын ауыл жаққа бұрмасаң,

Ақсақалға сәлем беріп тұрмасаң,

Ағайынның адал малын ұрласаң,

Қазақпын деп айтпай-ақ қой, бауырым!» – деген өлең жолдары кез келген таластықтың жүрегінде жазулы.

Нар ақынның шығармашылығында тарихи тұлғаларға да арналған арнауларда орын тапқан. Танымал тұлға Дінмұхаммед Қонаевпен жүздесіп, оған да біраз жырларын арнаған.

Нар ақынның ақындығынан бөлек, публицистік жолы бір төбе. Оның ақынның жарық көрген мақалалары, эсселері мен өзге де еңбектерінен анық аңғаруға болады.

Жанерке ЖАНҰЗАҚ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің І курс студенті

ПІКІР