Қоғам

Тұрғындар сұрақтарына тыңғылықты жауап берілді

Written by Aray2005

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Аталған тұжырымдаманы орындау мақсатында аудан әкімі Рүстем Дәулет бастаған басшылық өкілдері тұрғындарды қабылдау жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетсек, 15-19 маусым аралығында бірнеше ауылдық округте қоғамдық көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту сынды өзекті мәселелер тыңдалды.
Көшпелі қоғамдық қабылдау жұмысына аудан прокуроры Нұрбек Ұласбек, аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Нұрсипатов, аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Ережепов, халыққа қызмет көрсету орталығының директоры М.Сарманов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова мен аудан әкімдігінің салалық бөлім және мекеме басшылары қатысып, тұрғындардың көтерген мәселеріне жауап берді. Жалпы қоғамбық қабылдауға 300-ге жуық ауыл тұрғындары қайырылып, басым көпшілігінің сұрағына заң аясында түсініктеме берілсе, бірқатар мәселелер аудан әкімінің жекелей бақылауына алынды.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың сауалы негізінен әлеуметтік жәрдемақы, кәсіпкерлікті дамыту, баспанаға қол жеткізу, ауыз су және суармалы су, жайылым жерлер, ауылдың инфрақұрылымын нығайту сияқты мәселелерге қатысты болды. Алдағы уақытта бұл азаматтардың мәселелері басты назарда болады. Халық игілігі үшін ұйымдастырылып тұратын мұндай қоғамдық қабылдаулар өз жалғасын табады.
Ауданда карантин режиімі алынғанымен, сақтық шараларының сақталғандығы ескеріліп, бес ауылда өткен кездесулерде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған.

ПІКІР