Uncategorized

Ұлт руханиятына серпіліс сыйлайды

Written by Aray2005

 

Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы үлкен ойдың, тұғырлы тұжырымның жемісі. Мақаланың мәні де, мағынасы да бөлек.

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деді Ел Президенті мақаланың кіріспесінде.
Рас осы уақытқа дейін де көптеген ұлы тұлғалардың мерейтойлары ел деңгейінде тойланып келді. Өкінішке қарай басым бөлігі даңғазалыққа, ысырапшылдыққа салынып кетті.Халық тағылым, игі шарапатын көре алған жоқ. Сол себепті де Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласы дер кезінде шықты деп ойлаймын. Ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойы аясында атқарылуы тиіс жұмыстардың барлығын егжей-тегжейлі баяндап, алдымызға нақты міндеттер қойып отыр. Ендігі кезекте тиянақты тапсырма аясында жүйелі жұмыс жүргізілетіні анық. Нәтижесінде Абай тойы ұлт руханиятына үлкен серпіліс сыйлайтыны анық.

Әлібек ӘМЗЕҰЛЫ, ҚР Мәдениет қайраткері

ПІКІР