Ұлы дала тарихы – адамзатқа мәңгілік мұра

0 85

Жуырда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі және Мажар-Қазақ «Barsz» қорының ұйымдастырумен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында «Түрік халықтарының рухани құндылықтары және Мандоки Қоңыр мұрасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – Иштван Қоңыр Мандокидің бай рухани мұрасын насихаттау және елімізде зерттелуіне серпін беру. Сонымен қатар И.Мандоки заманындағы Ұлы дала өркениеті мен тұлғалары туралы қазіргі уақыттағы соңғы зерттеулерді ғылыми айналымға енгізу, насихаттау.

Жиынға бейне байланыс режимі арқылы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Қоңыр Мандокидің тағылымды өміріне тоқталып, атажұрттан құрмет ретінде сый-құрмет көрсетті. Ал облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сара Қабылбекқызы конференцияның маңыздылығына тоқталып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан ірі шаралардың бірі екенін ескерді.

Мажарстан елінен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Жарасқанұлы, Мажар-Қазақ «Barsz» қорының президенті Андраш Гал, түрколог ғалым, этнограф Кара давид Шомфай, «Қазақ диаспорасының» төрайымы Онайша Мандоки сөз сөйледі.

Жалпы щарада алты баяндама оқылып, Мандокидің өміріне, шығармашылығына тоқталды. Ал модератор Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев конференцияны түйіндеп, қатысушыларға алғыс айтты.

 

Сейітжан ІЛИЯС,

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.